QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағытқа -15% жеңілдік ұсынады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2025 жылдың 15-16 және 22-23 ақпан аралығында арнайы науқан жариялайды. Тек 15-16 және 22-23 (қоса алғанда) ақпан аралығында әуекомпанияның сайтында субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттар бойынша тарифтен 15% жеңілдікпен билеттерді сатып алуға болады. Саяхат кезеңі: 2025 жылғы 15 ақпаннан  25 қазанға дейін (қоса алғанда).     

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарда спорттық жабдықтарды (шаңғы жабдықтары, сноуборд жабдықтары, мұзда сырғанауға арналған конькилер) 28 ақпанға дейін тегін тасымалдайды. Қосымша ақпаратты әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан немесе +7 727 3561414 байланыс орталығының номеріне хабарласу арқылы алуға болады.

QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы. Ол рейстерді жоғары халықаралық және Ұлттық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындайды. Компанияның хабы Астана қаласында орналасқан.

Жолаушылардың және авиация саласындағы кәсіби мамандардың пікіріне негізделетін әлемдегі беделді ұлыбританиялық Skytrax рейтингісі бойынша 2022, 2023 ж. QAZAQ AIR Орта Азия және ТМД елдері арасында үздік үштікке енді. Сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары 2022 рейтингінде алтыншы орынға ие болды.

# # #