Қазақстанның әуерейстерімен Ресейге ұшып келу үшін коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесінің болуын растау қажет (әрекет ету мерзімі – нәтиже дайын болған сәттен бастап шекараны кесіп өткенге дейін 48 сағаттан аспайды), тек “COVID-19-сыз саяхаттаймын”мобильді қосымшасы арқылы.
Маңызды! Ресейге кірген кезде барлық азаматтардың,оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалардың коронавирусқа ПТР тестінің теріс нәтижесі болуы қажет.
ҚАЗАҚСТАНҒА КІРУ ТӘРТІБІ:
Қазақстанға шет елдерден келетін жолаушылар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылған COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы тиіс.
Анықтама мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту кезінде 72 сағаттан аспауы қажет.
Қазақстанға кіру кезінде коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР тестінің анықтамасы міндетті емес:
— 5 жасқа дейінгі балалар, егер олармен бірге жүретін ересек адамдар болса;
— Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ревакцинация немесе вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға, және Қазақстанның шекарасын кесіп өту сәтінде олардың мерзімі 6 айдан аспаған жағдайда;
—Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған келесі елдердің вакцина сертификатын, паспортын, COVID-19 қарсы вакцина анықтамасын ұсындарған адамдарға:
Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Молдова, Моңғолия, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония.