«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қорға тиесілі «QAZAQ AIR» АҚ – ның (бұдан әрі – Актив) 49% – дан 100% – ға дейінгі акцияларын (бұдан әрі – Акциялар) сату бойынша мынадай шарттармен сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды:
Сауда-саттықты өткізу тәсілі: ашық екі кезеңдік конкурс(бұдан әрі – Конкурс).
Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сығанақ көшесі, 17/10 құрылыс.
Конкурстық құжаттама:
Конкурсты өткізу тәртібін регламенттейтін конкурстық құжаттама https://sk.kz/, https://ipo.sk.kz/, https://www.flyqazaq.com/ сайттарында жарияланған.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық құжаттамамен танысуы қажет.
Конкурс өткізу тәртібі
Акцияларды сату Қор тиісті түрде әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама), және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №181 сырттай отырысының шешімімен бекітілген (2021 жылғы 08 сәуірдегі №183 хаттамасында, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі №187 хаттамасында, 2022 жылғы 26 тамыздағы №202 хаттамасында, 2023 жылғы 20 маусымдағы №219 хаттамасында тіркелген өзгертулермен және толықтырулармен) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамына меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс келесі кезектілікпен өтетін болады:
- Бірінші кезең – Конкурстың мәні бойынша алдын ала ұсынысты, сондай-ақ әлеуетті қатысушылардың сатып алушыға қойылатын талаптарға (біліктілік талаптарына) сәйкестігінің растамасын және Акцияларды сатып алуға стратегиялық негіздемені енгізетін Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді беру және қарастыру. Бірінші кезеңнің нәтижесінде Қор тұлғаларды Конкурстың екінші кезеңіне жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешімін қабылдайды және екінші кезеңде берілетін конкурстық ұсыныстардың мазмұны мен критерийлерін бекітеді;
- Екінші кезең – конкурстық ұсыныстарды беру және қарастыру, олардың негізінде Конкурстың жеңімпазы анықталады.
Конкурс әлеуетті қатысушыларына қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Конкурстық құжаттамада анықталған сатып алушыға қойылатын талаптарға (біліктілік талаптарына) сәйкес келулері тиіс.
Активке қатысты құжаттамамен танысу тәртібі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Активпен танысып шығуы мүмкін.
Активке және деректер бөлмесіне қол жеткізуге қатысты ақпаратпен танысу үшін құпиялылық туралы келісімге және Конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық процедуралармен келісім хатына қол қою, сондай-ақ деректер бөлмесіне логин және құпиясөз алу керек.
Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы : 10 200 000 000 (он миллиард екі жүз миллион) теңге.
Бірінші кезең шеңберінде әлеуетті қатысушылардың алдын ала ұсыныстарын бағалау критерийі Конкурстық құжаттаманың 5.1-тармағында көрсетілген Акцияларды сату шарттарымен келісім, оның ішінде Актив қызметінің профилін сақтау, сондай-ақ сатып алушыға қойылатын талаптарға (біліктілік талаптарына) сәйкестік болады.
Конкурстық өтінімге қоса берілетін алдын ала ұсыныстың мазмұны :
Бірінші кезең шеңберінде берілетін алдын ала ұсыныс Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы және міндетті түрде мыналарды қамтуы тиіс:
- бастапқы/ең төменгі бағадан кем емес Акцияның теңгедегі бағасын;
- Конкурстық құжаттаманың 5.1-тармағында көрсетілген Акцияларды сату шарттарымен келісімді;
- әлеуетті қатысушының және оның конкурстық өтінімінің алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлеріне/ең төменгі талаптарға сәйкестігінің сипаттамасын;
- Акцияларды төлеудің ұсынылатын тәртібінің шарттарын, оның ішінде күнтізбелік айларға бөлумен, график пен төлемдер сомасы қамтылған кестені (Акцияларды мәулеттік төлеу немесе транштармен төлеу болжанған жағдайда).
Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ең төменгі талаптар: Конкурстық құжаттаманың 5.1-тармағында көрсетілген Акцияларды сату шарттары;
Екінші кезең шеңберінде конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийлері бірінші кезеңнің қорытындыларын жасағаннан кейін анықталады және Конкурс қатысушыларына жіберілетін болады.
Кепілдік жарна (қамтамасыз ету):
Конкурстық өтінім беру үшін Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар Қордың пайдасына банктік шотқа кепілдік жарнаны және ақшалай қаражатты төлеу туралы шарт жасасу арқылы кепілдік жарнаны (қамтамасыз етуді) енгізуге тиіс.
Кепілдік жарнаны (қамтамасыз етуді) енгізу үшін реквизиттер:
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-на , KZT Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ. Сығанақ көшесі, 17 / 10 үй «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы БСН 081 140 000 436 ЖСК KZ456010111000026976 «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на БСК HSBKKZKX КБЕ 16
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-на, USD Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ. Сығанақ көшесі, 17 / 10 үй «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы БСН 081 140 000 436 ЖСК KZ206010111000028978 «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на БСК HSBKKZKX КБЕ 16
Кепілдік жарнаның (қамтамасыз етудің) көлемі : 173 400 000 (жүз жетпіс үш миллион төрт жүз мың) теңге.
Қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденттері АҚШ долларында енгізеді.
Кепілдік жарна (қамтамасыз ету) енгізілген ақшалай соманың қайтарылмайтындығына және Конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда Қорда қалатындығына толық және сөзсіз келісім ретінде енгізіледі. Кепілдік жарнаны (қамтамасыз етуді) қайтару шарттары Конкурстық құжаттамада да көрсетілген.
Конкурсқа қатысу мақсатында іс-әрекеттер жасау күні мен уақыты :
- Конкурстың бірінші кезеңінде конкурстық өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 қыркүйекте, «10» сағат «00» минутта аяқталады;
- екінші кезең бойынша Конкурстың қорытындылары 2023 жылдың 15 желтоқсанында жасалады.
Конкурс бойынша басқа мерзімдер Конкурстық құжаттамаға сәйкес анықталады.
Акцияларға меншік құқығы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес акциялардың құнын төлеу тәсіліне байланысты, сондай-ақ тараптар келіскен Акцияларды сатып алу-сату шартының ережелерін ескере отырып берілетін болады.
Әлеуетті қатысушы оны Конкурста жеңімпаз деп айқындаған жағдайда орындауға міндеттенетін міндетті және қосымша шарттар:
- Сатып алу бағасын мәулеттік төлеу немесе бөліктермен (транштармен) төлеген жағдайда, сатып алу бағасын төлеудің жалпы мерзімі күнтізбелік 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс, ал төлемнің бірінші бөлігінің (транштың) мөлшері сатып алу бағасының 30% – нан кем болмауы тиіс;
- Активті мәулеттік төлеумен сатып алған жағдайда сатып алу бағасын төлеу жөніндегі міндеттемелер тиісті шарттар жасасу жолымен Акцияларды және Активтің негізгі құралдарын кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс;
- Конкурстық құжаттаманың С Қосымшасында көрсетілген инвестициялық міндеттемелерді қабылдау және орындау;
- Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес сатып алушыға қойылатын талаптарға (біліктілік талаптарына) сәйкестігі;
- Қағидаларда және Конкурстық құжаттамада айқындалған тәртіппен Акцияларды сатып алу-сату шартын жасасу.