28 мамырда Астана Триатлон-паркінде «Самұрық-Қазына» Қорының 15 жылдығына арналған Samruk Marathon жарысы өтті. Қызметкерлердің балалары үшін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жеңіл атлетикадан акция ұйымдастырылды.
Спорт мерекесіне «Самұрық-Қазына» тобына кіретін 22 компаниядан мыңнан астам қызметкер, оның ішінде QAZAQ AIR әуе компаниясынан 17 қызметкер қатысты. Жарыс 5 және 10 км қашықтықта өтті. Балаларға арналған 1 км марафонға 100-ге жуық бала қатысты.
Айта кетейік, марафонға бір ай қалғанда қатысушылар әр жексенбі сайын Триатлон-паркінде жаттығуға жиналып, жарысқа дайындалды.
Марафонда 10 км қашықтықта 50 жастан жоғары санатта 1 орынды Ұшуларды ұйымдастыру департаменті Ұшуларды қамтамасыз ету бөлімінің диспетчері Ғабит Шаймерденов ұтып алды.
Ғабит Шаймерденов:
«Мұндай спорт шаралары денсаулықты шыңдап қана қоймай, корпоративті рухты көтереді. Бүгін мен әріптестерімнің қолдауына риза болдым. Спорт – жас таңдамайды, кез келген уақытта денсаулықты шыңдауға деген құлшыныс болуы керек», – деп ойымен бөлісті.
Барлық қатысушыларға алғыс айтып, Ғабит Шаймерденовті жүлделі орнымен құттықтаймыз!