“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ Басқарма шешімімен “QAZAQ AIR” АҚ Басқарма төрағасы болып Наурызбаев Еркін Әнесұлы тағайындалды.
Бұған дейін ол Басқарма мүшесі ретінде әуекомпанияда басқарушы қызметтер атқарды.
Айта кету керек, әуекомпанияның бүкіл тарихында Еркін Наурызбаев – “QAZAQ AIR” АҚ басқарушысы болып тағайындалған алғашқы отандық маман. Авиациядағы жұмыс тәжірибесі 17 жыл.