Еріп жүретін балалар
Ішкі тасымалдау үшін (Қазақстан бойынша):
- 18 жастан асқан жолаушы 2 жасқа дейінгі бір баланы ақысыз тасымалдауға құқылы.
- Жолаушымен (18 жастан асқан) бірге сапар шегетін 2 жасқа дейінгі басқа балалар қолданыстағы тарифтің 50% -ын төлей отырып және жеке орын қарастырылған билеттермен ішкі рейстермен тасымалданады.
- 2-ден 15 жасқа дейінгі балалар 18 жастан асқан ересек жолаушының сүйемелдеуімен қолданыстағы тарифтің 50% төленген билеттермен тасымалданады.
2 жасқа дейінгі балаларға арналған билеттер
- 2 жасқа дейінгі балалармен ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар билет сатып алу кезінде кассирге баланың сізбен бірге жүргендігі туралы хабарлауы және кассадан билет талап етуі керек. Осы жастағы балалар үшін билет тегін болғанына қарамастан, оның болуы қажет.
Назар аударыңыз!
Егер брондауда бала туралы ақпарат болмаса, QAZAQ AIR сіздің балаңыздың отыруына кепілдік бере алмайды.
Бұл қауіпсіздік талаптарына байланысты, оған сәйкес 2 жасқа дейінгі балаларға арнайы квоталар бөлінеді, олардың алынуы тек сіздің балаңызға билет болуымен расталады.
Егер 2 жасқа дейінгі балаларға (infant) билет алдын ала жазылмаған жағдайда, оны тіркеу басталғаннан кейін, бірақ рейске тіркеу аяқталғаннан кешіктірмей, 3000 теңге мөлшеріндегі алымды төлей отырып жазып беруге болады.
- Бұл алым QAZAQ AIR субсидияланған және тұрақты емес рейстерге қолданылмайды.
- Бұл алым ерікті түрде қайтарылмайды.
Жалғыз сапар шегуші балалар!
Біз өз ұшақтарымыздың борттарындағы жас жолаушыларды әрқашан көруге қуаныштымыз!
- Арнайы бірге жүру қызметін рәсімдеген жағдайда 6 дан 15 жасқа дейінгі (15 жас қоса алынады) балалар біздің әуе компанияның рейстерімен ересек жолаушылардың бірге жүруінсіз саяхаттай алады.
- Ата-аналарының қалауы бойынша, бірге жүру қызметтерін 18 жасқа дейін ұлғайтуға болады.
Назар аударыңыз!
QAZAQ AIR компаниясының барлық рейстерінде, билет сатып алуға қосымша, Сіз бірге жүру қызметіне төлем жасауыңыз қажет болады, қызмет құны – бір жағы 8 000 теңге.
- Ішкі рейстердегі 6 дан 14 жасқа дейінгі (14 жас қоса алынады), бірге жүретін тұлғасыз саяхаттап жүрген, кәмелеттік жасқа толмаған балаға билет бағасы ересектерге арналған ағымдағы толық тарифтің 50% құрайды.
- Жалғыз жүретін кәмелеттік жасқа толмаған, 15 жасқа толған балалар толық ересек тарифтік мөлшерлемені төлейді.
6 жасқа дейінгі балалар тек кәмелеттік жасқа толған жолаушымен бірге ғана тасымалданады.
Балалар жолда тоқтауды талап ететін, тікелей емес рейстерде ересектерсіз саяхаттай алмайды.
- Билетті брондау кезінде жалғыз жүретін кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы ересектерсіз кәмелеттік жасқа толмаған баланы тасымалдауға өтініш бланкін толтырып және оған қол қоюы керек.
- Егер баланы ұшу пунктіне жеткізуге жауапты немесе жету орнында бала табысталатын ересек адам сол баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса, онда оның қолында баланы алуға құқығын растайтын, нотариалды расталған сенімхаттың түпнұсқасы болуы керек.
Назар аударыңыз!
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, еріп жүретін адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар сағат 23-тен таңғы 6-ға дейінгі (ұшып шығу пунктінің уақыты бойынша) уақытта тасымалдануға қабылданбайды. Еріп жүретін адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушыларға тасымалдаушы әуекомпанияның ішкі және мемлекетаралық рейстеріне әуебилетті сатып алғанда ұшып келу пунктіне сағат 23-тен кеш келмеу шарты сақталуы керек.
Ересектерсіз ұшатын, кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін билеттерді брондауды кесте бойынша ұшақтың ұшу уақытынан 24 сағаттан кеш емес уақытта брондау қажет. Ол үшін info@flyqazaq.com бойынша бізбен хабарласуыңыз керек немесе саяхат бюросындағы өз агентіңізге қажетті ақпаратты хабарлауыңыз керек.