QAZAQ AIR әуе компаниясы өз жолаушыларына тамаққа алдын ала тапсырыс беру қызметін ұсынады. Бортта ұсынылатын барлық тамақ түрлері мен сусындардың сапасы жоғары әрі қауіпсіздік талаптарына сай. Тағамдар қазақстандық өндірушілер мен фермерлердің өнімінен әзірленеді.
Борттағы асқа алдын ала тапсырыс беру ережелерімен компания сайтынан таныс бола аласыздар.
Сапарларыңыз сәтті, астарыңыз дәмді болсын!
Борттық тағамға тапсырыс беру және оны төлеу рейстің жоспарланған ұшу уақытына дейін 24 сағаттан кешіктірілмеуі қажет. Тамақтану ақысын www.flyqazaq.com сайтында әуебилетті брондау кезінде, қалалық агенттіктерде немесе брондау орталығының +7 (727) 356- 14 -14 номері арқылы төлеуге болады.
Қызмет тек Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларынан ұшатын рейстерде ғана ұсынылады.