Әуе кемесінің бортындағы қағидалар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15443 болып тіркелді.

2-тарау. Әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібі

4. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

  1. экипаж мүшесіне отырғызу талонын тексеруге ұсыну;
  2. қол жүгін және жеке заттарын арнайы белгіленген орындарға орналастырып, отырғызу талонына сәйкес өз орнына орналасу. Багаж қол жүгінің габариттеріне сәйкес келмеген жағдайда, багажды багаж бөлігіне тапсыру қажет;
  3. басқа жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің қозғалысына кедергі жасамау;
  4. әуе кемесі командирінің өкімі бойынша немесе көрсетілген іс-әрекеттерді орындауға міндеттейтін ақпараттық табло қосылған кезде жолаушы креслосының таңу белдіктерін тағуға (ұшудың барлық кезеңінде таңу белдіктерін тағып ұстау ұсынылады);
  5. экипаж мүшесінің нұсқауы бойынша радиоэлектрондық аспаптарды және байланыс құралдарды өшіру, немесе оларды «ұшуда» деген автономды режимге өткізу;
  6. ұшудың соңына дейін тәртіпті және реттілікті ұстану;
  7. әуе кемесі командирінің және экипаждың басқа мүшелерінің талаптарын, сондай-ақ қосылған ақпараттық таблода көрсетілген іс-әрекеттерді сөзсіз орындау қажет.

5. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

  1. өзінің қауіпсіздігіне байланысты негіздемелі алаңдаушылық болғанда ұшудан бас тартуы;
  2. егер олардың өміріне, денсаулығына немесе жеке ар-намысына қауіп-қатер туғанда, экипаж мүшелеріне өтінуі және олардан қорғауды талап етуі мүмкін.

6. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

  1. ұшақ жүргізу, биікке көтерілу және қону кезінде, өту жолында тұруға және салон бойынша жүруге;
  2. қалған жолаушыларға қолайсыз немесе экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі жасайтын жағдайлар жасауға;
  3. экипаж мүшелерінің тиісті нұсқауларынсыз авариялық-құтқару жабдығын пайдалануға;
  4. ұшқыштардың кабинасына кіруге немесе кіруге тырысуға;
  5. әуе кемесінің бортындағы басқа тұлғаларға қатысты сөзбен қорлау, күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру;
  6. әуе кемесінің бортында стандартты қызмет көрсету шеңберінде ұсынылғандарды қоспағанда, бажсыз сауда дүкендерінде сатып алынғанын қоса алғанда, алкогольдік ішімдік ішуге;
  7. экипаж мүшесінің рұқсатынсыз немесе нұсқауынсыз отырғызу талонында көрсетілген орыннан өзге орынға отыруға тыйым салынады.

7. Әуе кемесінің бортындағы тұлғалар осы Қағидаларды бұзған жағдайда, ӘК командирі, Заңның 57-бабына сәйкес, қауіптің деңгейіне байланысты әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз аяқтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы.

Бас көлік прокуратурасы ескертеді:

Құрметті жолаушылар! Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны, оларға қарулар мен патрондардың барлық түрлерін, жарылғыш, есірткі, басқа да заттарды және басқа жолаушыларға немесе тасымалдаушыға зиян келтіруі мүмкін заттарды тасымалдағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.