Брондау кезінде аты-жөні дұрыс жазылмаған жолаушылар рейске қабылданбайды.
Дұрыс толтыру реті тегі, аты, әкесінің аты.
Аталмыш ретті бұзған немесе аты-жөнін жазуда өзге де қателіктерді жіберген жағдайда, info@flyqazaq.com; +7(727)356-14-14 хабарласуыңызды сұраймыз.
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Аты-жөнді өзгерту келесі жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүмкін:
- жолаушы аты мен тегі ауыстырылып жазылған болса;
- қос тектің біреуі ғана жазылған жағдайда;
- төлқұжатта жазылған атымен сәйкес келмеуі (транскрипция өзгертілген немесе әріптер жазылмай қалған жағдайда, күйеунің тегін алған әйел адамдардың қыз кезіндегі тегі жазылып кеткен немесе кері жағдайда).
Әуе билетін сатып алғанда, жолаушы брондауды өз бетінше қалыптастырумен қатар, енгізілген жеке деректердің дұрыстығын да растайды.
Дербес деректерге өзгерістер енгізу ақылы негізде жүзеге асырылады:
- ҚР бойынша ішкі бағыттардағы қызметтің құны 3 әріпке дейін аты-жөнін өзгерту үшін 3000 теңге. 3 әріптен артық өзгерген жағдайда-5000 теңге.
- Халықаралық бағыттардағы қызметтің құны 3 әріпке дейін аты-жөнін өзгерту үшін 7 евро. 3 әріптен көп өзгерген жағдайда-11 евро.
Келесі жағдайларда жолаушының тегі / атын өзгертуге тыйым салынады:
- егер жалпы мағынасы өзгерсе (мысалы: АХМЕТОВ САДУАКАСОВ-қа);
- егер билет ресми түрде тегі және / немесе аты некеге / ажырасуға байланысты өзгергеннен кейін сатып алынған болса (бұл жағдайда тариф ережелеріне сәйкес ақшаны қайтарып, жаңа билет алу қажет).