Астанада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында Boeing компаниясы Airline Planning Workshop (APW) авиакомпанияларын жоспарлау бойынша семинар өткізді. Әуе мамандары стратегия мен бәсекелестіктің, әуе кемелері паркін жоспарлаудың, кірістер менеджментінің, сондай-ақ әуе кемелерінің экономикасының өзекті мәселелерін талқылады. Boeing компаниясының өкілдері оңтайлы траекториялар бойынша ұшу, жаңа бағыттарды іске қосу мүмкіндіктері, отын шығынын азайту және көміртегі шығарындылары туралы айтып берді.
Қатысушылар маршруттық желіні жоспарлау тәжірибесімен бөлісті және ұшу қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша сараптамалық пікірлерді тыңдады.
Еркін Наурызбаев, «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма Төрағасы:
«Оқыту семинары Қазақстанның коммерциялық авиациясының келешегі мен өзекті мәселелерін кеңірек және тереңірек қарастыруға мүмкіндік берді. Бір диалог алаңында авиация саласының сарапшылары кездесіп, бәсекелестік жағдайында авиакомпания қызметін стратегиялық жоспарлаудың орасан зор тәжірибесімен, білімімен және заманауи құралдарымен бөлісті».