7600 метр биіктіктегі стенд-ап: QAZAQ AIR бортсерігі жолаушылар алдында сөз сөйледі

Бүгін QAZAQ AIR  әуекомпаниясының тарихында алғаш рет Астана – Омбы рейсі кезінде аға бортсерік Сағи Тоқтамов ұшақ бортында стендпен өнер көрсетті. Рейс жолаушылары әзіл-оспақ қойылымына қатысты.

Біздің  бортсеріктер өз жұмыстарынан басқа хоббиімен де айналыса алады. Мысалы, біздің бортсерік Тоқтамов рейстерден бос уақытында әзілдер жазады және әрдайым сахнада өнер көрсеткісі келеді. «Рейстердің жүктелуіне байланысты мен өзімнің хоббиімді байыпты қабылдай алмадым, содан кейін ұшақтың бортында жұмыс пен әзілді біріктіру идеясы пайда болды. Мен мұндай реакцияны кездестіремін деп күткен жоқпын, бұл өте керемет болды”, – деп Сағи Тоқтамов өз әсерлеріммен бөлісті.

Сөз соңында көптеген жолаушылардан осы бортсерікпен келесі рейске кіру ниеті туралы өтініштер келіп түсті.

Анықтама: Тоқтамов Сағи Байжанұлы – нұсқаушы/емтихан алушы/аға бортсерік. QAZAQ AIR әуекомпаниясындағы жалпы жұмыс өтілі -7 жыл.  Хоббиі: әзілдер, қысқа эскиздер, сценарийлер жазу.

Аталған шара авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өткізілді және бортсеріктің өз бастамасымен өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DDzu8TxNfQB

# # #