180-ге жуық ізденуші QAZAQ AIR әуе компаниясының бос жұмыс орындарына қызығушылық танытты

180-ге жуық ізденуші QAZAQ AIR әуе компаниясының бос орындарына қызығушылық танытты. Бұл туралы Азаматтық авиация академиясында бос орындар жәрмеңкесінің ашылуында әуе компанияның өкілдері хабарлады.

Азаматтық авиация академиясы Академиялық жұмыс департаментінің директоры Аркен Шанлаяковтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан мен Орталық Азияның авиакадрларын жалғыз оқу орны – Азаматтық авиация академиясы даярлайды. Авиация саласының белсенді дамуы, маршруттардың әртүрлі бағыттарының ашылуына және жаңа әуе кемелерінің тартылуына байланысты жыл сайын авиация мамандарына қажеттілік артып келе жатқанын атап өту керек.

Бос орындар жәрмеңкесінің ашылуында QAZAQ AIR әуе компаниясындағы мансаптық мүмкіндіктер, еңбек шарттары және ұшқыштар мен бортсеріктер дайындау бағдарламасының ерекшеліктері туралы айтылды. QAZAQ AIR Авиациялық оқу орталығының директоры Әйгерім Нарбаева қазақстандық жастарды беделді мамандықтарға оқыта отырып, авиакомпания кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу мен елдің кадрлық әлеуетін дамытуда өзіндік үлесін қосып келе жатқанын атап өтті.

Ол тыңдаушыларға ұшқыштар мен бортсеріктерді даярлау бағдарламалары туралы айтып берді:

– Ұшқыштарды de Havilland Dash 8 Q400 типіне оқыту елден тыс жерлерде (Австрия, Швеция және т.б.) өтеді. Оқу аяқталғаннан кейін ұшқыштар біліктілік тексеруінен өтіп, әуе айлақтық даярлықтан өтеді. Бұл – әуе кемесінің осы түрі бойынша біліктілік тренингінің соңғы бөлігі. Әрі қарай ұшқыш лицензиясына біліктілік белгісі енгізілгеннен кейін мамандар Қазақстанда QAZAQ AIR әуе компаниясының тренингтерінен өтеді. Барлық тренингтерден сәтті өткеннен кейін ұшу жағдайында ұшқыштарды даярлау басталады (line training). Жаңадан келген ұшқыштар жолаушылармен ұшу жағдайында нұсқаушылардың бақылауымен ұшады. Жалпы, дайындық түрлері үміткердің тәжірибесінен байланысты, – деп атап өтті.

Авиацияда бортсерік мамандығына да сұраныс жоғары. Қазір QAZAQ AIR әуе компаниясынла 45 бортсерік жұмыс істейді. Әуе компаниясы 3 тілді еркін меңгерген, командада жұмыс істей алатын және дағдарыс жағдайында қажетті дағдыларға ие ізденушілерді іріктеуді жүзеге асырады. Бортсеріктер борттағы қауіпсіздік пен авиациялық қауіпсіздікке, экипаж жұмысын оңтайландыруға, дәрігерге дейінгі медициналық көмекке, жолаушыларға қызмет көрсетуге, авариялық құтқару машықтарына және т. б. оқытылады. QAZAQ AIR бортсеріктерді дайындауды өзінің сертификатталған оқу орталығында жүзеге асырады.

– Бір жарым ай бойы үміткерлер QAZAQ AIR авиациялық оқу орталығында бағдарламаның теориялық бөлігін өтеді. Олар азаматтық авиация туралы іргелі білім алады. Бұдан әрі бортсеріктер авиакомпания стандарттарына оқытылады және ұшақ түріне арналған тренингтерден өтеді. Содан кейін нұсқаушылардың басшылығымен рейстік жағдайда дайындық басталады, – деп түсіндірді Әйгерім Нарбаева.

Отандық тасымалдаушының хабы Астанада орналасқан. Бүгінгі таңда QAZAQ AIR әуе лайнерлері паркі 5 заманауи турбовинтті ұшақтан тұрады. Авиакомпания IOSA халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандартымен сертификатталған және IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ресми мүшесі болып табылады. Авиакомпания 2022 жылы өзінің сертификатталған авиациялық оқу орталығын іске қосты. Оқу орталығында мамандар азаматтық авиацияны даярлаудың әртүрлі бағыттары мен бағдарламалары бойынша білім алады.

QAZAQ AIR 2022 және 2023 жылдары «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуе компаниялары» номинациясы бойынша Skytrax халықаралық салалық сыйлығымен екі рет марапатталды.

Қазірде QAZAQ AIR 16 ішкі және халықаралық рейстерді орындайды. 8 жыл ішінде 3,2 миллионнан астам жолаушыны тасымалданды және 54 000-нан астам рейсті орындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 4-8 желтоқсан аралығында Азаматтық авиация академиясында QAZAQ AIR әуе компаниясының бос орындар жәрмеңкесі өтуде.

# # #