QAZAQ AIR: 11 қазаннан бастап Шымкенттен Жезқазғанға дейін 15 000 теңгеге ұшуға болады

2023 жылғы 11 қазаннан бастап QAZAQ AIR  Шымкент-Жезқазған-Шымкент жаңа бағыты бойынша субсидияланған рейстер ашады.

Компания жолаушыларды канадалық заманауи, жайлы De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен тасымалдайтын болады.

Ұшулар аптасына  2 рет төмендегі кесте бойынша орындалады:

Сәрсенбі және жексенбі күндері:

IQ 545 Шымкент 11: 40  – Жезқазған 13: 10

IQ 546 Жезқазған 13: 40  – Шымкент 15: 10

Билеттер бүгінгі күннен бастап сатылымда. Бір бағыттағы билеттің тұрақты бағасы 15 000 теңге. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынылады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды. Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуе компанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

# # #