Qazaq Air әуекомпаниясы жолаушылардың белгілі санаттарына әуе тасымалдарда жеңілдіктер берумен қатар, түрлі қайырымдылық ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.
Төменде Qazaq Air әуекомпаниясы ауыр науқас балаларға, мүгедек балаларға және олармен бірге жүретін адамға жеңілдіктер беретін шарттар мен ережелер сипатталған.
100% жеңілдік (тек әуежай ақысы алынады) үшін:
- Жеңілдік ауыр науқас балаларға, мүгедек балаларға (2 жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда) және еріп жүретін адамға беріледі. Сапардың мақсаты-тексеру, емдеу немесе ауруханаға жатқызу. Жеңілдік барлық растайтын құжаттар (ауру туралы медициналық қорытынды немесе науқастың медициналық картасынан алынған эпикриз, сондай-ақ медициналық мекемеден шақыру/растау)болған кезде ұсынылады;
- Жеңілдік субсидияланған, чартерлік және халықаралық рейстерде берілмейді;
- Жеңілдік күнтізбелік жыл ішінде бір рет беріледі (бару және қайту билеті, төрт ұшу учаскесінен артық емес);
- Әр рейстегі орындар саны квотамен шектелген – 2 орын.
Орташа арнайы тарифтен 50% жеңілдік (әуежай ақысы алынады) үшін:
- Жеңілдік ауыр науқас балаларға, мүгедек балаларға (2 жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда) және еріп жүретін адамға беріледі. Сапардың мақсаты-жеке;
- Жеңілдік субсидияланған, чартерлік және халықаралық рейстерде берілмейді;
- Жеңілдік күнтізбелік жыл ішінде бір рет беріледі (бару және қайту билеті, төрт ұшу учаскесінен артық емес);
- Әр рейстегі орындар саны квотамен шектелген – 2 орын.
Өтінімдер info@flyqazaq.com электронды пошта арқылы болжалды ұшу күнінен 3 жұмыс күн алдын қабылданады.